Ақтөбеде жеті адам, соның ішінде төрт шетел азаматы көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты

Мәселен, заречный ауылындағы жеке меншік үйде 18 -42 жас аралығындағы төрт Өзбекстан азаматы көмірқышқыл газынан уланды. Оқыс оқиғаға көмір жағатын пештің ақауы себеп болған.

Ақтөбенің басқа бір ауданында, Деповская көшесінің бойындағы көп пәтерлі үйде үш адамнан тұратын отбасы ыстанып қайтыс болды. "Қайғылы оқиға тұрмыстық газ жабдықты дұрыс пайдаланбау салдарынан болған",- дейді министрліктегілер.

Алматыда үш адам көмірқышқыл газынан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиға Думан ықшам ауданындағы жеке меншік үйде пештің ақауы салдарынан болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті