Ақтөбеде жоғалған сержантты әлдекімдер жасырып ұстап отыруы мүмкін

Осыдан екі апта бұрын қызмет орнынан жоғалып кеткен Арман Сұрағановтың туыстары Қорғаныс істері басқармасының жанынан 3 күннен бері кетпей торуылдап жүр. Сержантты тауып беруін басшыларынан талап етуде.  

 Несібелі Жұмағалиева, А.Сұрағановтың туысы:

- Біз 12 күннен бері бүкіл даланы, су жағасын кезіп болдық қой бүкіл ағайын –тума. Он-он екі машина болып шығып жүрміз.

Сенбі күніәскери нысанның түкпір-түкіпірін туыстары тінтіп шыққанымен, Арманға қатысты ешбір зат табылмаған. Олармен кездесуге келген қорғаныс істері жөніндегі басқарманың басшысы қызметкерінің саяжайда жүргенін айтып, сүйінші сұрапты.   

- Арман саяжайда жүр дейді. Біз жаңа барып келдік. Көрген кісілер бар Арманды. 

Алайда араға бір күн салмай жатып Қасым Сүндетов көрдім-білдім дегенінен айнып қалды. Тәртіп сақшыларынан естігенімді жеткіздім деп ант-су ішіп отыр.

Қасым Сүндетов, Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы:


-Полиция бөлімімен  қазір жұмыс істеп отырмыз. Олардың ақпараты бойынша Арманды көргендігі жөнінен бізге мәлімет айтты. Соны мен туыстарына жеткіздім.

Ал Арманның туған-туыстарының айтуынша, бұрын да осы әскери мекемеден адам жоғалыпты. Оған куә болғандар да бар.

Қарагөз Арғынова, А. Сұрағановтың зайыбы: 

-Оның алдында да әйел, ер адамадарды да қызметінен  босату үшін сондай 2-3 күн алып кетіп қорлайтын көрінеді. Аузыңды ашсаң отбасыңа тиісеміз деп қорқытатын көрінеді. Мынау сол Арман бірінші де емес, соңғы да емес екен.

-Қазір бұл іспен Ақтөбедегі полиция айналысып жатыр. Олар адам ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тексерулерінің қалай жүргізіліп жатқандығын әзірге құпия сақтауда. Десе де көрдім-білдім деген 2-3 адамды тергепті.