Ақтөбеде жоғалып кеткен бес жастағы баланың мерт болу себебі анықталды


"Қорытындыға қарағанда, кәмілеттік жасқа толмаған Сандыбаев Тамерлан мәйіті табылғанға дейін 10-13 тәулік бұрын қаза болған. Табиғи температураның төмен болуы салдарынан ол организмнің жалпы салқындап қалуы себепті қаза болған", делінген дүйсенбіде облыстық ішкі істер департаментінен таралған ақпаратта.
Денесінің еш жері жарақатталмаған.
Бас жастағы Т.Сандыбаев 10-қазан күні Ақтөбеде ауладан жоғалып кеткен. Оны жүзге жуық полиция қызметкері, әскерилер, волонтерлер іздеген, бала екі аптадан соң қала маңындағы Заречный елдімекенінен Қарғала өзенінен табылған.