Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәлімет бойынша, іздеу шаралары кезінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен, 2018 жылы туған Данил Ахуновтың мәйіті табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі «Жас баланы өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.