Апат Ақтөбе-Богосливка бағытындағы тас жолдың 13-ші шақырымында болды. "ВАЗ-2101" автокөлігінің жүргізушісі "ЗиЛ-130" автокөлігімен соқтығысып қалуға жол берген. Апат салдарынан "Жигули" жүргізушісі мен екі жолаушы - 10-15 жасар қыз бен бір әйел оқиға орнында қаза тапты. Қазір бұлардың аты-жөні анықталуда. 11 жасар қыз бен тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Сол күні, 13-тамызда Термез-Ташкент-Алматы тас жолының 766-шақырымында Оңтүстік қазақстан аумағында "Форд" автокөлігі "ГАЗ-3224" автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір жолаушы мерт болып, "Газ" жүргізушісі мен алты жолаушы ауруханаға түсті. Зардап шеккендер арасында 10 және 12 жасар екі бала бар.