Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр мен Молдағұлова көшесінің қиылысында 7 тамызда сағат 23.05-те 23 жастағы "БМВ" көлігінің жүргізушісі "Мицубиси" көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан "БМВ" көлігінде отырған 23 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты; екі жүргізуші мен "Мицубиси" көлігінде отырған жолаушы ауруханаға жатқызылды.