Ақтөбеде жолдардың ағымдық және күрделі жөнделу жұмыстары шетел инвесторларымен меморандум аясында қарастырылатын болады

Жарқын мысал ретінде облыс басшысы Елеусін Сағындықов Покровка - Темір - Кеңқияқ тас жолын жөндеу оқиғасын келтірді. Ол қазіргі уақытта осы мақсатқа 20 млн теңгеден астам қаражат аударған бірқатар шетел компанияларымен жүзеге асырылуда.

"Биыл жолдарды жөндеу мәселелері "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ мен "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС компанияларымен жасалған меморандумдарға енгізілді", - деп атап көрсетті Е. Сағындықов.