Ақтөбеде жүк тиеуші жұмыс барысында қаза тапты

31 жастағы жүк тиеуші жігіт абайсыздық салдарынан жүкті жоғары көтерген кезде салмағы 5 тонналық жүк тиелген қауғаның астында қалып қойған. Жарақат салдарынан жігіт оқиға орнында мерт болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметі бойынша, жүк тиеу үшін маневр жасауға кіріскен шынжыртабанды шығыранның жүргізушісінде осындай техниканы игеруге рұқсат алмаған болып шықты.