Ақтөбеде жұмбақ жағдайда қаза тапқан Темірлан Сәндібаев жерленді


Қақпа алдында ойнап отырған жерінен жоғалғанда да, Темірланды ақтөбеліктер бір адамдай жұмыла іздеген. Олар екі апта бойы қаланың түкпір –түкпірін тінтігенімен еш нәтиже болмады. Ақыры өлі денесі Қарғалы өзенінен табылды. Қара жамылған отбасы сәбидің кісі қолынан қаза тапқандығына сенімді. Сондықтан қоштасу рәсіміне келген халық та тергеудің қайта жүргізілуін талап етіп отыр. Ал тәртіп сақшылары екінші сараптама жүрігізілгендігін хабарлады. Оның қортындысы енді екі апта ішінде белгілі болады.