Ақтөбеде жұмыс орнында жараланған жұмысшы қаза тапты


 «Вернал Ойл Қазақстан» компаниясына тиесілі зауыттан өрт шыққан кезде төрт жұмысшы жараланған еді. Көз жұмған Еркінбекті сол бойда ұшақпен Орынбордағы күйік орталығына апармақ болғанымен дәрігерлер оған рұқсат бермепті. Ал оның басқа екі әртіптесі қазір Қандыағаш пен облыс орталығында ем алуда. Төртіншісі ауруханадан шыққан. Зардап шекендерге шығынды өтеу мәселесі комиссияның тексеруінен соң белгілі болады. Әзірге компания басшылары марқұмның жерлеу рәсімін ғана өз мойындарына алған.