Оның айтуынша, жұмыссыздар саны жаңа кәсіпкерлік субьектілерінің құрылуы есебінен азайып отыр. 2003-жылы осындай 229 субьект тіркелуінің нәтижесінде 5108 жаңа жұмыс орны құрылды.
Сондай-ақ, өткен жылы қала тұрғындарының орташа жалақысы 12 процентке артып, 25990 теңгені құрады. Әкімнің пікірінше, жалақы өсіміне 2003-жылғы жалпы экономикалық өсімнің 7,3 процентті құрауы септігін тигізді.
Алдағы жылға межеленген басты мақсаттардың арасында Қ.Елеусізов азық-түлік өнімдеріне баға белгілеу және қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселелерін атады.