Облыс әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, азаматтардың 11 санаты, оның ішінде, мүгедектер, зейнеткерлер, мүгедек балалары бар отбасылар, жеңілдіктер мен қосымша әлеуметтік төлем алады. Осы мақсатқа бюджеттен 384 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде ұсынылған жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігіне 74 мың адам ие болды.