Ақтөбеде жылумен қамсыздандырушы компания қарыз адамдарға өсімпұлды кешірмек

"Алдағы мереке құрметіне "Трансэнерго" ыстық су мен жылу үшін негізгі қарызға қосылып отырған өсімпұлды кешірмек, акция 31 желтоқсанға дейін созылады", делінген бейсенбіде қала әкімшілігінің сайтында берілген хабарламада.

Онда атап өтілгендей, ол үшін 76 мыңнан аса абонент негізгі қарызды төлеуге тиіс.

"Ақтөбеліктердің монополиске берешек ақшалары екі миллион теңгеден асып отыр, оның ішінде 5 мың теңге мен 160 мың теңге аралығында қарыз болып қалғандар бар".

Сонымен қатар, хабарламада атап өтілгендей, егер абонент ыстық су мен жылу үшін үш айдан астам уақыт төлемеген жағдайда жылу берушінің сотқа арыздануға құқы бар.