Ақтөбедегі әкімшілік полицияның ғимаратында жұрт талып құлап жатыр

-Бір мөр бастыру үшін осында таңғы 4-тен бері тұрмыз.

Мұнда құжаттарды қабылдайтын бар жоғы үш-ақ терезе жұмыс істеп тұр. Ал көлігін тіркеп немесе тіркеуден шығарғысы келетіндер соңғы кезде еселеп артқан. Осылайша, көлік иелері полиция бөлімінде сағаттап жұтар ауа таппай тұрса, тәртіп сақшылары, керісінше, салқындатылған бөлмелерге жайбарақат жайғасқан. Олар тердің иісіне тұншыққан жұрттан шыдай тұруларын сұрады. Айтуларынша, жақында қалада арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылмақ. Ал оған дейін осылай қыстырылып-қымтырылудан басқа амал жоқ.

Loading...