Жақында ғана тоғызыншы бөбегін бауырына алған Айсәуле үшін сайлауда жұрт қатарлы дауыс беру арман болатын. Баспананың жоқтығынан мұндай саяси науқанды ойлауға мұршасы жоқ еді. Бүгінге дейін Ақтөбедегі ең жас батыр ана қала іргесіндегі мал бағатын қожалықтың аядай бөлмесін паналап келген.
Әліби Ордабай, А. Сатыбалдиеваның ұлы:
- Өзіміздің үлкен үйіміз болса. Шамалы ақшамыз болып, осы үйден кетіп, үлкен үйге барсақ деп ойлаймын.
Бала тілегі орындалды. Олардың мүшкіл хәлін естіген жергілікті кәсіпкер пәтер сыйлады. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұрған батыр ана қос құлынын жетектеп алғаш рет бүгін сайлау учаскесінің табалдырығын аттады.
Айсәуле Сатыбалдиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Өзім бір жерге тұрақтап, тіркеуде болғасын жерде өмірімде бірінші рет келіп, дауыс беріп жатырмын. Қуаныштымын. Биыл қуанышым көп. Кішкентайлы болдым, баспаналы болдым.
Батыр ана қай үміткерді таңдайтынан алдын ала шешіп қойған.
Loading...