Ақтөбедегі газ тапшылығы жүргізушілердің наразылығын тудырды

Шаһардағы станцияларда газ қазір тек талон арқылы жіберілуде. Кейбірінде қолма-қол ақшаға да табуға болады. Алайда ол үшін сағаттап кезек күтуге тура келеді. Белгілі болғандай, өңірдегі жалғыз газ өндіруші зауыт жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп жабылып қалған екен. Жақын күндері ол жұмысын жандандырмақ. Шенеуніктер сол кезде газ тапшылығы жойылады деп сендірді.

Ғазиз Хайруллин, көлік жүргізуші:

-Қайдан білейін, енді газ өзімізден шыққасын ойлау керек қой. 3-ші күн е жүргеніме. Бәрінде талонмен береміз дейді. 

Loading...