«Ақтөбе қаласының №2 сотына «Паллада» қару дүкеніне, №6655 әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған 16-29 жас аралығындағы 9 тұлғаны қамауға алу түріндегі шара қолдану туралы өтініш келіп түскен», - делінген баспасөз баянында.
Ақтөбе қаласының №2 соты тергеу судьясының қаулысымен көрсетілген тұлғаларға шара қолдану туралы өтініш қанағаттандырылды, 2016 жылдың 8 және 14 маусым күндері 2 айға қамауға алу шарасы қолданылды.