Ақтөбе-Хромтау тас жолында жеңіл көлік рейстік автобуспен соқтығысты

Анықталғандай, Ақжар ауылына бұрылыс кезінде Ақтөбеден Әйтеке би ауданының Комсомольск кентіне бағыт алған «Нисан Санни» көлігінің 49 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, тоқтап тұрған «Сетра S 288» автобусымен соқтығысты. Автобус Ақтөбе-Хромтау бағыты бойынша қозғалған.

Апат салдарынан Хромтау қаласының аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 57-63 жастардағы 3 жолаушы жеткізілді. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамаға сәйкес, ол ішімдік ішпеген.