100 грамнан астам героинді Ақтөбелік әйел адам өз жыныс мүшесінде жасырып тасымалдаған. 35 жастағы әйелді Ақтөбе облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтөбеден Қостанайға қатынайтын автобустан ұстаған, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
"Әйел адам облыс орталығына 109,13 грамм героинді көрші аймаққа тарату мақсатында алып келген", - дейді жедел уәкіл Татьяна Сиденко. Тәркіленген затты арнайы мамандар 600 мың теңгеге бағалады.
Есірткіні шығару үшін полицейлер жедел жәрдем қызметінің аурухана гинеколыгының көмегіне жүгінген. Алайда сол жерде тұрып-ақ әйел адам бірнеше рет отырып тұрғаннан соң жыныс мүшесінен өзі алып шықты, деп бөлісті полициядағылар. Белгілі болғандай, ұсталған адам есірткіге тәуелді және 17 жастағы қызы бар екен.
Жасаған қылмысы үшін әйел адам ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-тармағы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу,иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланауы мүмкін.
Т