Желілік ішкі істер бөлімі төрағасының орынбасары Алексей Федуновтың айтуынша, бір Ақтөбелік жұмыссыз азамат полиция бөлімшесіне арыз түсірген. Ол өзінің 10 мың теңгесін жасанды 20,5 мың теңгеге айырбастағанын хабарлапты. Жәбірленуші "қолдан ақша жасаушы алаяқтың алдауына түсу салдарынан заңсыз сауда-саттыққа барғанын" айтып ағынан жарылады. Соңынан "өзінің біржола алданып қалғанын сезінген" әлгі жақын маңдағы полиция бөлімшесіне, дәлірек айтсақ, станциядағы желілік ішкі істер бөліміне хабарласқан.
Тінту нәтижесінде күдіктінің пәтерінен әрбіреуі 500 теңгелік жасанды қағаз ақшалардан тұратын тағы да 15 мың теңге шықты. Тәртіп сақшылары сондай-ақ, әлгінің ақша жасауда пайдаланған компьютері, сканері мен принтерін тәркіледі.
Қазір студенттен ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Оның үстінен ақша мен құнды қағаздарды қолдан жасап сату жөнінде қылмыстық іс қозғалды.