Ақтөбелік эпидемиолог мамандар бақшада өсірілген дақылдардың бейберекет саудасына алаңдаушылық білдіруде

Ақтөбе қалалық бас саниатарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, қарбыз және қауын сатушылар қала әкімінің "Бақшада өсірілген дақылдар саудасын ретке келтіру туралы" бұйрығының талаптарын бұзып, өнімді көшелер мен айналма жолдарда кез-келген жерде бейберекет сатуда. Н.Беркімбаеваның айтуынша санитарлық-гигиеналық талаптарға мүлдем сәйкес келмейтін көшедегі бейберекет сауда-саттық бұдан да сорақы залал-зардапқа апарып соғуы ықтимал. Бақшада өсірілген дақылдар саудасын ретке келтіру үшін санитарлық дәрігерлер полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істемек ниетте.

Осы аптада қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары қала базарларында, сондай-ақ, бақшалық дақылдар мен көкөністер сатылатын жерлерге рейд жүргізді. Рейд барысында өнімдер құрамындағы улы химикаттар мен нитраттар мөлшерін айқындау үшін 243 сынама зертханалық зерттеуге алынды. Соның нәтижесінде "Әлия " базарында сауда істейтін бір алыпсатардың сатып отырған қауынының құрамындағы улы заттар мөлшері шектеулі шамадан 1 жарым есе артық екені белгілі болды. Осыған байланысты улы қауындар тәркілеп алынды.