Ақтөбелік келіншек Сингапурде өткен «Әлем ханымы» байқауында Қазақстанның намысын қорғады

Әлемдік байқауда қазылар алқасын ол ұлттық нақышта тігілген киім үлгілерімен тәнті етті.

Қазақстандық аруға Дана Наби, Мәлика Дүйсенбаева, Айнаш Карина секілді дизайнерлер қолдау танытты.

Динара қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. Ақтөбедегі «Алмас» қайырымдылық қорына жетекшілік етеді.

Бүгінде жерлесіміз Дели қаласы арқылы елге қайтып келе жатыр. Ақтөбеде сәрсенбі, 30 тамызда тәуліктің екінші жартысында болады.


Айта кетейік, «Әлем ханымы» байқауында Эстониядан келген қатысушы, оңтүстіккореялық ару және Сибирия өкілі алғашқы үштікке енді.