Ақтөбелік коммунистер партия құрамынан шығатынын мәлімдеді

«Біз - Компартияның Ақтөбе облыстық комитетінің белсенділері - өзіміздің партия құрамынан шығатынымызды мәлімдейміз. Біз бүкіл жұртшылыққа Компартия «елеске» айналғанын мәлім етеміз. Республика бойынша ұйым мүшелерінің саны бірнеше жүз адамнан көп емес, тіпті одан да аз болуы мүмкін. Біз Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен Коммунистік партия мүшелерінің нақты санын тексеруді және оның легитимді екендігі жөнінде заңды шашім қабылдауды сұраймыз», - делінген ҚКП Ақтөбе облыстық комитетінің басшысы Жолдас Ерекеновтің таратқан мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ол партияластарын Ақтөбе комитеті белсенділерінің бастамасын қолдауға шақырды.


 «Шындықтың көзіне тура қарап, ашығын айтайық, бүгінгі күні шын мәнінде ешқандай коммунистік партия жоқ деуге болады және бұл саяси ойынды тоқтататын кез келді», - деп жазады Ж. Ерекенов.