Мұнда №20, 25, 28, 30 мектептердің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары шақырылды.
Жоспар бойынша құтқарушылар мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат алды. Жедел тәртіпте олар мектеп ішіндегі оқушылар мен ұстаздар қауымын қауіпсіз жерге жеткізіп, өрт сөндіру қызметтерінің күштері мен құралдарын пайдалану арқылы зардап шеккендерге қажетті көмекті көрсетті. Осының барлығы арнайы техника, құрал-жабдықтар, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында тартылатын қызметтердің жабдықталуы туралы түсіндірмелер арқылы жүзеге асырылды.
Аталмыш шараларды жүзеге асыруға «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ, «Жедел-құтқару отряды» ММ, «Суда құтқару қызметі» ММ, «Апаттардың медициналық орталығы» ММФ қызметтері тартылды.
Жоғары сынып оқушыларына сонымен қатар ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге насихат жұмыстары да жүргізілді.