Ақтөбелік тұрғын қолда өсірген қырғауылдарын табиғатқа жіберді


Тауықтектес мұндай құс Ақтөбені мекен етпейді. Осыдан төрт жыл бұрын Николай Выходец қырғауылды оңтүстіктен алдырып, ауласында баққан. Кейін қорасына сыймаған соң қоя беруді ұйғарыпты. Енді жүзге тарта қырғауыл Алға ауданының сулы жерін мекендейді. Десе де қолға үйренген құстарды орман және аң шарауашылығы инспекциясындағылар бақылаймыз деп отыр. Олар қырғауылдарға сақина салып, фото қондырғы арқылы күн сайын қадағалап отырмақшы. Ал қырғауыл жіберген аймақта үш жыл аң-құс аулауға тыйым салынды.