Ақтөбеліктер Орынбордың арзан тауарларын талап алып жатыр

Тұрғындар жұмыс күні аяқталысымен Ресейдегі көршілес облысқа аттануды әдетке айналдырған. Мына бейнекөріністі жұма күні түсіріп алған жігіттің айтуынша, «Жайсаң» бекетінде екі жүзден астам көлік кептелісте болған. 7-8 сағат бойы қаңтарылып тұрған олар Орынборға өтпекші. Көпшілігі рубль құнсызданғалы арзан бағаға жеңіл көлік сатып алуға асығады. Тұрмыстық техника мен құрылыс материалдарын тасып жатқандары да бар. Ресейден қайтар жолда да жұрт осындай кептелісте сағаттап тұруға мәжбүр.  

Loading...