Ақтөбенің әзіл-сықақшылары бүгінгі полиция қызметкері жөнінде қысқа метражды комедиясын түсірді

Театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан айтқанындай, 20 минуттық фильм облыс әкімдігінің қолдауымен театрдың жеке киностудиясында түсірілді және фильмдегі рольдерді "Екі Езу" театрының актерлері тегін орындады ".

"Фильмнің сюжеті өмірден алынған. Ауыл әкімінің сиыры жоғалып кетіп, кейін мал бір кемпірдің қорасынан табылады. Ал "пысық" ауыл учаскелік полиция қызметкері "ұрыны" тауып одан жауап алып үлгерген", - дейді Н. Жұбатқан.

"Екі Езу" театрының көркемдік жетекшісі атап өткеніндей, "" Биылғы жылдың басында ҚР ІІМ арнайы түсіріліп, жеке құрылым көріліміне ғана арналған "Тарақан үшін тұзақ" атты қысқа метражды фильмімен салыстырғанда, Ақтөбе әзіл -сықақшыларымен "Сандалған сержант" атты түсірілген фильм көпшілік көрермендерге арналған және облыстық телеарналары арқылы көрсетілетін болады.

"Погон таққан адамдар оны қалай қабылдайтынын білмейміз", - деп атап өтті Н. Жұбатқан, "бірақ тәртіп сақшыларының да әзіл- сықақ сезімі бар деген сенімдеміз".