Оның айтуынша, анықталған жалған жолсеріктер "Батыс" және "Западный" жолаушылар тасымалының өңірлік бөлімшелеріне қарастылар болып шықты. Олардың қызметін жақында Батыс өңірлік көлік прокуратурасының қызметкерлері тексеріп шыққан.
"Теміржол көлігі жұмысшыларына қойылатын талаптардың заңдық негізде орындалуын тексеру барысында біз жолсеріктерді тексердік. Нәтижесінде бөлімшелердің кадр қызметіне жолсеріктердің басым көпшілігі Алматы қаласындағы ҚР Қазақ жол қатынасы университетінде жолсерік курсын оқығандары туралы куәлік тапсырылған", - деп атап көрсетті Е. Балғабаев.
Оның айтуынша, алайда, көлік прокуратурасының аталмыш жоғарғы оқу орынына жіберген тиісті сұранымына университет ректорының қолы қойылған "аталмыш жоғары оқу орны ешқашан сұранымда көрсетілген куәліктер бермегені және тіпті жолаушылар вагондарының жолсеріктерін тіпті де дайындамайтындарын" хабарлаған жауап келген.
Батыс өңірлік көлік прокурорының айтуынша, қазіргі уақытта осы оқиға бойынша жиналған материалдар ҚР Қылмыстық кодексі 325-бабының 3-тармағы (Жалған құжат, штамп, таңба, бланк, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалу үшін ішкі істер органдарына жіберілді.
Сонымен бірге, бұл соңғы жарты жылдағы Ақтөбенің көлік прокурорлары анықтаған екінші оқиға. Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың күзінде жалған құжатпен жұмысқа тұрған теміржол көлігінің 45 жұмысшысы анықталған еді. Ол кезде мәселе машинистердің көмекшілеріне қатысты болған.