Ақтөбе облысының сот төрағасының қызметін атқарушы Рахметолла Хайруллин сот ұжымына А. Кұрмантаевты таныстырды.
А. Құрмантаев 1958 жылы Орынбор облысында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік институтының дипломына ие.
Түрлі жылдары А. Құрмантаев Оралдың қалалық сотында, ҚР әскери сотының судьясы, Астана қалалық сотының судьясы қызметін атқарған. Соңғы жылдары Екібастұз қалалық сотының судьясы, кейін Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы болған.