Мекеменің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашевтің хабарлауынша, департамент интеллектуалдық меншік саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға және ескертуге, контрафакт өнімдерді жасайтын заңсыз цехтарды, фирмаларды, сонымен қатар оларды тасымалдаушылар мен көтерме саудада сатушылардың іс-әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізген болатын.
"Нәтижесінде заңсыз айналымнан 25,5 млн теңгеден асып жығылатын контрафакт өнім тәркіленді",- деп хабарлады Ә. Добрашев. Сонымен қатар, оның айтуынша, осы көрсетілген салада 37 қылмыстық іс қозғалған, оның 31-і - интеллектуалдық меншік құқығын бұзу, 5 - компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану және тарату деректеріне және 1-і - тауарлық белгіні заңсыз пайдалану дерегіне байланысты.
Мысалы, облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкерлері бір жеке фирманың директорын ұстаған, ол "пайда табу үшін автордың келісімінсіз Avtodisk компаниясының авторлық құқық нысанын заңсыз пайдалана отырып, ЭЕМ арналған Keymaker.exe контрафакт программасын жасаған. Осыдан кейін ол бұрын компьютердің жүйелі блоганда орнатылған Avtokad программасына өзгерту енгізе отырып, компьютерлік программаға заңсыз кірген. Сөйтіп ол интеллектуалдық меншік құқығын бұза отырып, Avtodesk компаниясына 1 млн теңгеден астам көлемде шығын әкелген.
"Мұндай деректер біреу ғана емес, - деді Ә. Добрашев. - Бүгінде 37 қылмыстық істің 20 бойынша тергеу аяқталып, материалдар сот органдарына жіберілді".