Ақтөбенің қаржы полициясы пара алғаны үшін екі сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғады

Баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Добрашевтың айтуынша, күдіктілер Ақтөбе қалалық сотының шешімі бойынша оң нәтижеге қол жеткізу үшін жергілікті тұрғыннан 1 мың $ бопсалаған.

Ә. Добрашев атап көрсеткендей, сот орындаушылары бопсалау және аталмыш соманы тезірек алу үшін әйелді Ақтөбе облыстық Әкімшілік сотының ғимаратына бірнеше мәрте шақырған, түн ортасында қоңырау шалған, ата-анасының үйіндегі мүлікті хаттауға қорқытқан.

Алайда, пара алғаннан кейін Әкімшілік сотының қызметкерлері тұтқындалған.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізілуде.