Оның айтуынша, бұл сома айыппұлды өтемеуге байланысты атқару өндірісіне сәйкес іздеуде жүрген автокөлік иелерін ұстап, айыппұл тұрағына жіберуге бағытталған айлық жұмыстары барысында өндіріп алынған.
"Науқан кезінде құжаттардың басым бөлігі әкімшілік жол қозғалысының ережелерін бұзуға байланысты айыппұлдарға қатысты болғанымен, біз онымен біруақытта басқа құжаттарды да атқарумен айналыстық", - деді Б. Жоламанов.
"Мәселен, Ақтөбеде табиғат қорғау заңнамасын бұзуға байланысты "АқтөбеҚазақОйл" компаниясынан 41 млн теңге өндіріп алынды", - деді ол.
"Әр облыста осындай мысал көп, яғни, бұл акция тек қана жол қозғалысының ережесін бұзуға байланысты салынған айыппұлды өндіріп алуға ғана емес, басқа да маңызы жағынан одан кем түспейтін сот өндірісі шешімдерін атқаруға бағытталды. Егер біз биыл жол қозғалысының ережесін бұзуға байланысты салынған айыппұлды өндіріп алуды жолға қойсақ, осы тектес науқандардың өзектілігі келесі жылы да жайылмайды және біз жол полициясы комитетімен бірлесіп осындай жұмысты одан әрі жалғастыра береміз", - деді департамент директоры.