Ақтоғай кен орнында құрылыс жұмыстары штаттық режімде жалғасуда

Бұдан бұрын хабарланғандай, 8 шілде түс ауа KAZ Minerals Тобы Ақтоғай кен орнында мердігерлік ұйым жұмысшыларының арасында жанжал орын алды. Кешке қарай жағдай реттелді. Тергеу жүргізілуде.

Күннің екінші жартысында уақытша вахталық кент аумағында орналасқан асханада құрылысшылар арасында тұрмыстық сипатта жанжал орын алған.  Жанжалға бірнеше мердігерлік ұйым қызметкерлері араласып, қақтығыс өршіп кеткен. Оқиға орнына жеткен жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері жағдайды бақылауға алды.

Жанжал салдарынан бірнеше ондаған адам зардап шекті.

Аягөз бен Өскемен ауруханасына түрлі ауырлық деңгейіндегі жарақаттармен 20-ға жуық адам жеткізілді. Олардың ішінде ҚХР азаматтары да бар. Кей зардап шеккендерге кен орны маңындағы мединциналық пунктте көмек көрсетілді.

Қазір ішкі істер органдары тергеу жүргізуде. Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС -   KAZ Minerals тобы  бөлімшесінің  басшылары бар.


Жанжал жұмыскерлер тұратын уақытша вахталық кент аймағында орын алған.   KAZ Minerals Тобы құрылысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқиғаның салдарын жылдамдатып еңсеру үшін тергеуді әділ әрі тыңғылықты жүргізуді қалап отыр.