"Ақыл еркек сорлыға кеш кіреді": Қоғам қайраткері күйеуінен таяқ жеп жүрген келіншекке тепкіге көнуге шақырды

Сол себептен де ол қыз-келіншектерді күйеулерінің тепкісіне шыдап жүре беруге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
Мылтықбай мырзаның айтуынша, қазіргі жастар бірден ажырасуға дайын екен. Сол үшін де не болса да отбасын сақтап қалуға тырысу керек дейді.

«Құдай ұратын кезі келді. Қатарың кеткеннен кейін көресің әлі. Дүниедегі ең жақсы нәрсе – бала. Дүниедегі бар жақсылық та бала. «Бала үшеу кезінде күйеуіңді сотқа беріп кетіп қалмадың ба» демеу керек. Сен көрдің ба енді шыда ары қарай. Ақыл еркек сорлыға кеш кіреді. Қабылдай бер, шыдай бер, тұра бер», – деп күйеуінен таяқ жеп жүрген әйелді Мылтықбай мырза шыдауға шақырды.

Өйткені оның сөзінше, әйелін төпештеп жүрген 49 жастағы еркекке осыдан кейін ақыл кіруі мүмкін екен.