Ақылбек Күрішбаев агротехникалық университетті Мамытбековтың қарамағына бергісі келмейді

Мына, 11 мыңға жуық студенті бар еліміздегі ең таңдаулы оқу орнының ұстаздары бүгін өре түрегелді. Олар талай жыл тер төгіп, еңбек еткен агротехникалық университеттің Білімнен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына өтетініне наразы. Өйткені, министр Мамытбеков оқу орнының көсегесін көгерте қояды дегенге мүлдем сенбейді.

Нұрлан Серікбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университетінің ұстазы:

-Біз ауыл шаруашылығы министрлгінінде болғанбыз 6 жыл. Ешқандай даму көрген жоқпыз. Ешқандай ғылыми әдістемелік, бір көмек, ғылым жағына, оқу жағынан болсын көрген жоқпыз. Тек қана артқа шегіндік. Соңғы 3 жылда білім министрлігіне ауысқаннан бері жаңа мамандар ашылды, докторантура, грант көлемі көбейді.

Ерлан Қобаев, студент:

-Біз үшінші адамдардан естіп отырмыз. Нақты бізге ешкім айтпады, Біздің ойымызбен ешкім санаспады, университетті Білім министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыстаратындығы туралы.

Расымен де, бұл оқу орны 2005 пен 2011-інші жылдар аралығында ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағында болған екен. Алайда, агрономдар университетті басқара алмай соңында берекесін қашырған. Ал, Ауыл шарушалығы министрі болса, бұдан еш әбестік көріп тұрған жоқпын деп, тіпті өзінің Фейзбуктегі парақшасына пікір қалдырған. Оқу орны екі министрліктің де «құзыретінде болады» деп жазыпты.


Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры:

- Жаңа мамамандарды дайындаумыз керек. Онсыз болмайды. Соған байланысты осы жолмен жүруіміз керек. Автономдық статус болуы керек, сонда ғана бізде өзгеріс болады.

Бір сөзбен айтсақ, экс-министр Күрішбаев, өзінен соң билікке келген  Мамытбековке қосылмай, жеке дара отау тіккенді қалайды. Яғни  Назарбаев университеті секілді автономдық басқаруға көшкілері келеді. Бұл ұсыныстың жауабы күзде белгілі болмақ. Ал, Ауыл шаруашылығы министрлігіне тек бұл университет қана емес, тағы 4 бірдей оқу орны  өтуі мүмкін.