Жол бойындағы жасыл кеудеше кигендер өздерін жүргізушілерге көмекші әрі нұсқаушымыз деп есептейді. Олар әсіресе жұрт жиі келетін орындарды таңдап алған. Тоқтамақ болған темір тұлпарлардың алдынан жүгіріп шығып, орын тауып береді, ыңғайлы жайғасуына бағыт сілтейді. Ал, бұл қызметі үшін нақты сомманы сұрамайды, бергеніңді алады.
Нұрбай Сүйінов, автотұрақ қызметкері:
-Біз негізі орынға алмаймыз, тек көмектескеніміз үшін қойғанда, шыққанда, сол үшін. Үйреніп келе жатыр ғой халық, тұрақты клиенттер де бар. 50 теңгеден беріп кетеді, өткенде бір қыз 500 теңге беріп кетті, рахмет аға деп.
Бірақ, жүргізушінің бәрі бірдей жомарт емес, - дейді Нұрбай. Қарадай тұрып табыс тауып жатсың деп жағадан алатындар да бар екен.
-Бұл заңсыз.
-Сенде ешқандай лицензия жоқ.
-Мен тек қызет көрсеткеніме алам ғой.
-Мен сенсіз ақ, кіре алам. 50 жыл көлік айдап жүрмін.
Ақылы автотұрақ деген аты болғанмен, темір тұлпардың қауіпсіздігіне ешкім жауап бермейді. Ал, мұндай орындарды белгілеп, кәсіпкерлерге жұмыс істеуге рұқсат ететін әкімдік. Әзірге ақылы тұрақ Астана мен Алматыда бар. Енді облыс орталықтарында да пайда болмақ. Бүгін мәжілісмендер «Жол жүру ережесі туралы» заңға Сенат енгізген осы өзгерісті сынға алды.
Рауан Шаекин, Мәжіліс депутаты:
- «Жол ережесі туралы» заңда ақылы автотұрақтардың нақты ережесі жазылу керек. Көлік қоятын орынның аумағы, ені, қанша жолақ түседі, жүргізуші төлемді қалай өтейді, көліктің қауіпсіздігне кім жауапты. Сенат енгізген өзгерісте бұл мәселенің бәрін толық шешілмеген.
Заңда тек ақша қабылдайтын құрылғының сертификаты болу керек делініпті. Бірақ, оның талон, билет не қолма қол төленетіні белгісіз. Мұның соңы жүйесіздікке алып келеді дейді мәжілісмендер.
-Депутаттар «Жол ережесі туралы» заңға Сенат енгізген өзгеріске қарсылық білдіргенімен, құжатты ақыры қабылдады. Бірақ, кейбір халық қалаулылары бұл мәселеге әлі оралатындарын айтты. Төменгі палата төрағасы болса, Ішкі істер министрлігіне ұсыныстарды ескеріп, заңды толықтыруға кеңес берді.
Loading...