Өйткені, 8 сағат еңбек ететіндер көлігін қойғаны үшін сағатына 150 теңге төлейді десек, күн сайын 1 мың 200 теңгесін шығындайды. Астана қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов осындай мәселені көтеріп, кеңес тарапынан бірқатар ұсыныс енгізілгенін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, тұрақ маңындағы ғимараттарда қызмет ететіндерге жеңілдік жасау керек. «Жалпы төлемді 100, тіпті 50 теңгеден еткен жөн», - дейді.
- Сағатына – 150 теңге. Біздің ойымызша, бұл қымбаттау. Осы жүйені енгізіп жатқан адамдардың өзі де немесе олардың достары, туыстары аталған тұрақты қолданады ғой. Қала берді қоғамның бір мүшесі ғой. Сондықтан, қоғамдық кеңестің ұсынысын ескереді деп ойлаймын, дейді Астана қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.
Тек көшедегі тұрақтар ғана емес, жалпы қалаға кіріп-шығудың өзі ақылы болатын түрі бар. Бұл жоба әзірше пысықталып жатыр. Қоғамдық кеңес мүшелері оған қатысты да өз ұсынысын жеткізіпті. Өйткені, темір тұлпарын қаланың сыртына қалдырғандар қоғамдық көліктермен бірталай уақыт пен ақшаны шығындайды.