Ақын Гүлзира Айдарбекованы мінсіз адамға теңеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Көпшілікке танымал ақын Құрманай Бақтиярқызы Гүлзира ханымды туған күнімен құттықтап мынадай өлең арнады: 

"Жаным Гүлім,Елдің мінін ілмеген
Жол көрсетіп ,жақсы жолмен жүр деген
Сендей достың жақсылығы сол шығар,
Тек жадырап,өкпелеуді білмеген..

Ұлым Жұлдыз болса деген Еліңе,
Ақ жол тілеп,шығарғансың төріңе
Сен Нұртастай жарға сеніп келген соң,
Ел алдында еркелеткен сені де...

Қиындыққа мойымаған момыным,
Ел біледі Ашықтыған қолыңның
Мақтаншақ деп айтса сырттан біреулер,
Берсін деймін сендей жанның орынын..

Ұйықтамаған түндеріңе куәмін,
Уайымдаған күндеріңе куәмін
Мен сөзіңді сөйлеп жүрген Құрмашпын,
Сені біреу сөксе қарап тұрмаспын..

Ақылыңды арқалап ап мойынға,
Үш ұлыңды байлап қойып ойыңа
Нұртасыңмен бәрін көрдің Шүкірлік
Енді жүрші сол ұрпақтың тойында..

Анаң менен бауырыңды сағындың,
Қиындықта екі жұрттан табылдың
Қос келінді тәрбиелеп келесің,
Көргеніңе бір Алла деп бағындың..

Қайрат Аян Заңғар ұлдар Бәйтерек,
Аналарын періштемен сай көред(і)
Немерелер Әжелерін аялап,
Ата Әжесін Бәрінен де Бай көред)і)

Сен Бақытты Әйелсің деп айтамын
Шөберені көріп атсын жәй таңың
Сенде бәрі бар деп білем керектің,
Гүлім Гүлім!!Мінің жоқ деп айтамын..

Ізгі ниетпен Ақын Құрмашың
От басымен саған Жеке Мерекеңде 

Екі дүние бақытын тілейді", деп жазды желідегі парақшасында. 

 

Оқырмандар да ерекше құттықтау тілектерін жазды:

"Гүлзира ханымдай анасы бар ұлдары бақытты Қай уақыттада балаларын жырлап отырады Аман болсын! Ол кісі туралы неше түрлі әңгімелер айтылады әрине айтқан жан айта берсін күнәсіне өздері қалар, еңбастысы аман болсын отбасымен!", "Өте дұрыс айтылған Құрмаш сіңлім Гүлекеңе арналған шумақтарыңыз".