«Марфуға Айтқожина Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов және тағы басқа ақындармен қатар тұр, ал оның шығармашылығы Қазақстаннан тыс елдерде де белгілі», - деді Қазақстан жазушылары одағының төрағасы Нұрлан Оразалин дүйсенбі күні өткен кеште.
Өз кезегінде Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов М.Айтқожина «қазақ халқы үшін көп еңбек еткенін» айтты. «Сіз Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қостыңыз», - деді ол.
М. Айтқожина – 20-дан аса өлең жинағының авторы, 2002 жылғы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет белгісі» ордендерінің кавалері.