Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"2005 жылы мен өткізген конференциядан соң, туған туыстарым маған қарсы шықты. Тіпті туған ағам маған қарсы шықты. "менің Қалдыбек Құрманәліге туысқандық қатысым жоқ" - деп жазып берген. Себебі, ол жоғарыда жұмыс жасайтын. Жұмысына кері әсері тимесін деп солай жазып берген.
Заманбекте не шаруаң бар, оны жоқтайтын іздейтін адамдар жетеді деген маған. Бірақ мен тоқтамадым. Содан бәрі маған тиісе бастады. Өлсем өзім өліп кетейін дедім де, әйелімді бала-шағамды төркініне жібердім. Іздеп барып біреулер сұраса, ажырасып кеттік деп айтасың деп дайындап жібердім, кесірі отбасыма тигенін қаламадым.
Содан бір күні көлік жүргізушімді демалысқа жібердім, түнде үйде жатсам үйге келді өз жүргізушім ғой үлкен кісі, отбасымменде араласады сол кісі екен. Есікті аштым сөйтсем қолында пышағы бар маған пышақ сұқты. Оның бәрін істеп отырған ол емес әрине, ол мәжбүрлі түрде істеп жатыр. Ақыры өледі екенмін, біреуді өлтіріп сотталып кетейін одан да деп, жерден тұрғызбай тепкілеп тастадым. " - дейді сазгер.