«Ақырзаман күні» Атырауда жарық сөнді

Жарықтың сөнуі, жолдардағы көліктердің тұрып қалуының майя күнтізбесіне қатысы жоқ. Барлығына табиғи сүргіндер кінәлі болуда. Бүгін таңертең Атырауда биылғы жылы алғашқы қар түсті. Жай ғана қар емес, бірде бір минутқа толастамайтын қар жауды.

Қыс қаһарына іліккен жол қызметкерлері көшелерді тазалауға үлгермеуде. Соның салдарынан кептелістердің саны өсіп, апаттар көбейді: жазғы резинаны қысқыға ауыстырып үлгермеген көптеген жүргізушілер қыс туралы бүгін ғана естеріне түсіргендей.

Қармен қоса қатты жел тұрып, ол электр тасымалдау сымдарын үзіп жатыр. Желіде электрик мамандардың 15 бригадасы жұмыс істеуде.

«Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-да энергетиктер күніне орай компанияның биылғы атқарған жұмыстары мен табыстары, алдағы жоспары және энергетиканы дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

Компанияның президенті Яхия Чудровтың айтуынша, компанияның электр қуатын тұрақты тасымалдауда, есепке алуда, компанияны дамытуда және кадрлар құрамын жақсартуда жетістіктерге жетуі ұжымдағы қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен еңбекқорлығына тікелей байланысты. Соңғы 10 жылда энергетика нысандарының жабдықтарына толыққанды жаңғырту, қайта құрылымдау жүргізілмеді. «Келешегі 2015 жылды қамтитын БҚО-ның электр тораптарын 2010 жылға дейінгі дамыту сұлбасы» бойынша облыстағы электр нысандарын жаңғыртуға компанияға 64 млрд. теңге қажет. Мұндай қыруар қаржыны қажетсінетін жұмысқа компанияның мүмкіндігі жоқ. Саланы жаңғыртуға жеке капитал тарту мүмкін емес. Компания осындай қиындықтарға қарамастан, қолдағы өндірістік-техникалық әлеуетті сақтай отырып, саланың дамуына күш салып келеді. Облысты қуатпен қамту тұрақты. Қазіргі уақытта облыста екі ГТС құрылысы жобалануда.

-Тарифтің тұтынушыға қолайлы әрі компанияға энергожүйені қалыпты жұмыс жағдайында ұстайтындай деңгейде болғаны жөн. Энергожүйені аздырмай-тоздырмай ұстау үшін қыруар қаржы қажет. Бүгінде энергетиктердің жалақысы - 45 мың теңге. Ал бұл салаға терең білімі мен кәсіби біліктілігі мықты мамандар керек. Сонымен қатар энергетика саласы өзге салалармен салыстырғанда адам өміріне қауіпті сала саналады, - деген Яхия Чудров алдағы 2013 жылы электр қуатының тарифы тек 16 тиынға өсетінін жеткізді.

Басқосуда қуатты үнемдеу, шығынды азайту, баламалы және «жасыл» энергетикалық технологиялар мәселелері сөз болды.