«Ақжайық» «Атырауды» 3:1 есебімен ұтып, бірінші орынға шықты

Ойынның 30-минутында доп бұрыштамадан берілген кезде Максим Азовский мергендік танытып, алаң иелерін алға шығарды. Алты минуттан кейін дәл осындай сәтті тиімді пайдаланған болгариялық легионер Янко Валканов есепті 2:0-ге жеткізді. 43-минутта қонақтар сапындағы Тарас Данилюк айып добын дәл орындады.

Екінші таймда 77-минутта тағы да Янко Валканов қақпа алдындағы қарбалас сәтті мүлт жіберген жоқ.

Сөйтіп екі турдан кейін алты ұпай жинаған «Ақжайық» 6:1 доп айырмасымен бірінші орынға көтерілді. Келесі турда, 25 наурызда «Ақжайық» елордада «Астанамен» күш сынасады.