«Ақжайық» Көкшетауда алғашқы ойынын өткізеді

Ел біріншілігінің ең жоғары тобына қайта қосылған Оралдың «Ақжайығы» Көкшетауда жергілікті «Оқжетпеспен» күш сынасады. Батысқазақстандықтарды словакиялық Жозеф Шкрлик бастаған мамандар жаттықтырады.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағановтың айтуынша, командаға жаңадан бапкер ғана емес, тәжірибелі ойыншылар да алынды. Атап айтқанда, «Ертістен» қақпашы Антон Цирин, «Тобылдан» Алексей Данаев, «Қайраттан» Константин Зотов пен Евгений Коструб, «Қайсардан» словениялық Борут Семлер, Болгарияның «Берое» командасынан Янко Валканов, Чехияның «Градец-Краловесінен» Якуб Хлебоун, Венгриядан Хаман Саджо, «Астанадан» Максим Азовский, «Востоктан» Вячеслав Эрбес, черногориялық М.Стойчев келді. Команда Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, маусымға толық дайындалды.