«Ақжайық» «Оқжетпесті» 3:0 есебімен ұтты

«Ақжайықтың» ойынына командаға соңғы кезде қосылған ойыншылардың тың серпін бергені байқалады. Премьер-лига мықтыларының бірі Қарағандының «Шахтерінен» келген Қанат Әлиев алғашқы допты соқса, екіншісі, сербиялық ойыншы Миленко Рашкович 11 метрлік айып добынан мүлт кеткенімен, өз голын әдемі енгізді. Үшінші доптың авторы - Руслан Валиуллин. Сөйтіп оралдықтар ірі есеппен жеңіске жетті.

«Ақжайықты» соңғы кезде литвалық маман Сермилис Саулис жаттықтыруда.