«Ақжайық» өз айдынында ЦСК ВВС командасынан ұтылып қалды

Тартысты өткен ойын барысында қонақтардан Игорь Сундеев пен Шамиль Шагеев екі доп соғып, алға шықты. Айдын иелерінен Виталий Суетнов бір доп соққанымен, одан әріге шамалары жетпеді. Сөйтіп «Ақжайық» 1:2 есебімен өз айдынында жеңіліп қалды.

Күн жылынып, мұз еріп кетуіне байланысты екінші ойын кейінге, 21 қаңтарға қалдырылды.