«Ақжайық» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

Ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Оралдықтардан Николай Забродин, Руслан Хаиров, Ізім Сәрсекенов мергендік танытты. Бұл турдан кейін 17 ұпай жинаған «Ақжайық» сегізінші орынға көтерілді.

Қаскелеңде Көкшетаудың «Оқжетпесін» 2:0 есебімен ұтқан «Сұңқар» 30 ұпаймен бірінші орынға шықты.

«Ақжайық» алдағы кездесуін 26 маусым күні өз алаңында тағы бір алматылық команда «Цеснамен» өткізеді.