«Ақжайық» «Қызылжарды» күйрете жеңді

Ойын алаң иелерінің толық басымдылығымен өтіп, рекордтық 8:0 есебімен аяқталды. «Ақжайықтан» Қарағандының «Шахтерінен» ауысып келген Миланко Рожкович төрт доп соқты. Сондай-ақ Руслан Хаиров, Алексей Мальцев, Руслан Валиуллин, Олег Хромцов бір-бір доппен өз үлестерін қосты.

Оралдықтар бұл турдан кейін 28 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

«Ақжайық» алдағы кездесуін 14 тамыз күні өз алаңында Қаскелеңнің «Сұңқарымен» бірдей, 46 ұпай жинап, топ бастап келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесімен» өткізеді.