«Ақжайық» сырт алаңда тағы да жеңіске жетті

Оралдықтардан Қанат Әлиев пен жас ойыншы Олег Тихомолов доп соғып, мергендік танытты. Осы ойыннан кейін 37 ұпай жинаған батысқазақстандықтар футболдан ҚР чемпионаты бірінші лигасында үшінші орында келеді.

«Ақжайық» алдағы ойындарын 31 тамызда Семейдің «Спартагымен» және 3 қыркүйекте «Екібастұзбен» өз алаңында өткізеді.

Кеше екінші орында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» көшбастаушы команда Қаскелеңнің «Сұңқарын» қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп «Сұңқар» 53 ұпай жинаса, «Оқжетпестің» еншісінде - 49 ұпай.