«Ақжайық» төртінші орынға тұрақтады

27 ақпанда оралдықтар 1:7 есебімен ұтылса, кеше қарсыластарын 6:5 есебімен тізе бүктірді. Соңғы ойында «Ақжайықтан» Ескендір Нұғманов пен Алексей Сердюк қос-қостан, Петр Грибанов пен Еламан Әліпқалиев бір-бірден доп соғып, көзге түсті.

Бірінші топта 24 ұпай еншілеген «Ақжайық» «Кольская ГМК» (Мончегорск), «Мурман» (Мурманск), «Вымпел» командаларын алға жіберіп, төртінші орынға тұрақтады. Сөйтіп финалдық сайыстарға қатысуға мүмкіндік беретін үздік үштіктің қатарына іліге алмады. Дегенмен «Ақжайық» ойыншыларының биылғы басты табысы қысқы Азия ойындарындағы чемпиондық атақ екендігін айту керек.