«Ақжайыққа» жаңа ойыншы келді

«Ақжайық» футбол клубының БАҚ жөніндегі жауапты қызметкері Арсен Ғұбашевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, В.Комленок Украинаның «Оболонь» клубынан келді. 1979 жылы дүниеге келген ол кезінде басқа да командалардың намысын қорғап, Молдова ұлттық құрамасының сапында төрт рет алаңға шыққан.

Маусымның 17-сі күні өтетін «Ақжайық» пен Қостанайдың «Тобылы» арасындағы кездесуде В.Комленок 10-нөмірмен алаңнан көрінуі әбден мүмкін. Сонымен қатар хорваттық қақпашы Иван Грабовацпен де келіссөз жүргізілуде.